Қазақ мәдениеті шетелде кеңінен таныстырылады - Ғани Нығыметов
«Мәдениет, өнер, кинорежиссура, әдебиет саласындағы шығармалардың (шет тілдеріне аудару үшін) тізімі аяқталуға жақын деп айтуға болады. Бұл тізім қазіргі кезде қалыптастырылуда және жыл соңына дейін бекітілетін болады. Алдағы жылы Сыртқы істер министрлігі бұл шығармаларды әлемдік аренеда белсенді түрде алға насихаттайтын болады. Бұл өз кезегінде әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның мәдениетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді», - деді ол Астанада рухани жаңғыру тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тілшілер сауалына жауап беру барысында.
Осы орайда ол бүгінгі конференция аясында сарапшылық алаңда жасалған ұсыныстар тыңғылықты талқылаудан өтетінін атап өтті.
«Осында бұл саланы жақсы білетін шығармышылықтың зиялы қауымының, мәдениеттанудың өкілдері шақырылды. Бұл ретте бүгін мәдениет өкілдері мен билік өкілдері арасында қажетті көпірді құрып отырмыз. Билік тарапы қоғамның барлық өтінімдерін жан-жақты түсінуі үшін біздің институт бұл алаңды қалыптастыруда. Атап айтқанда, «Рухани жаңғыру» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы БАҚ арқылы кеңінен ақпарат берілуі керек деп пайымдаймын», - деді Ғ.Нығыметов.