11:28, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақ мәдениетін шетелде насихаттайтын «Мәңгілік мұра» атты жобасы қолға алынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ мәдениетін шетелде насихаттайтын «Мәңгілік мұра» атты жобасы қолға алынады. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Еліміздің тарихи-мәдени дамуына жалпыұлттық «Мәңгілік мұра» атты мәдени жобасының қолға алынуы серпін береді. Бұның алдында іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасына қарағанда, бұл жоба Қазақстанның мәдени мұрасын әлемдік мұралар қорымен ықпалдастыруға бағытталған», - деп атап өтті ол. «Яғни, біздің керемет «Мәдени мұра» бағдарламамыз ішкі біртектілігіміздің дамуына үлес қосқан болса, «Мәңгілік мұра» жобасы Қазақстан өнері мен мәдени құндылықтарын әлемдік қауымдастыққа насихаттауға бағытталған», - дейді министр.