Қазақ медициналық академиясы Ұлттық медицина холдингінің құрамына енді

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елордадағы Қазақ медициналық академиясы «Астаналық медицина университеті» болып өзгеріп, Ұлттық медицина холдингінің құрамына енді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін университет басшылығы аталмыш мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздесті. Кездесуге «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмас Шарман мен Астаналық медицина университетінің ректоры Жақсыбай Жұмәділов қатысқан болатын. Ж.Жұмәділовтың айтуынша, аталмыш оқу орны өзі қызмет еткен 45 жылдың ішінде еліміздің денсаулық сақтау саласыны елеулі еңбек сіңірді десе болады. «Осыған орай Елбасының тапсырмасы бойынша, университет қызметкерлерінің айлық жалақылары 25 пайызға өспек. Бұған қоса біз тағы қосымша қаржы көздерін қарастыра отырып, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жалақыны 35-40 пайызға арттырмақпыз. Осылайша, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелеріне ерекше назар аударып отырмыз», деді университет ректоры.
Соңғы жаңалықтар