Қазақ медициналық институтының түлектері балаларға қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесті

АЛМАТЫ. 23 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда балаларға медициналық көмек көрсететін мекемелерде педиатр мамандардың тапшылығы байқалып отыр.

Қазақ медициналық институтының түлектері балаларға қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесті

 Бұл бүгін  Перинатаология және балалар хирургиясы орталығында Қазақ медициналық институтының түлектерінің  балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемелердің басшыларымен болған кездесуінде айтылды.

Қазір  шаһардағы денсаулық сақтау мекемелерде 90-ға жуық учаскелік педиатрлар және перзентханаларда 60-қа жуық педиатр-неонатолог тапшы болуда. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін Денсаулық сақтау басқармасы медициналық университеттер мен институттардың басшылығымен келіссөз жасап отыр. Биыл  мәселен Қазақ медициналық институтының педиатрия факультетін отыздан астам жас маман бітіріп шығады.