Қазақ мемлекеттігі тарихының тамыры тереңде - Р.Буканова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ мемлекеттігі тарихының тамыры тереңде. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте Башқұрт мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Роза Буканова осылай деді.

Қазақ мемлекеттігі тарихының тамыры тереңде  - Р.Буканова

«Қазақ мемлекеттігінің бастауы Қазақ хандығының 550 жылдығымен түгеспейді. Мемлекеттілік тамыры тарихтың терең қойнауынан бастау алып жатыр. Бұл ретте мемлекеттіліктің жалпытүркілік дәстүрі бірнеше ғасырларға созылатындығын атап өткен орынды. Қазіргі уақытта Қазақстан ресми түрде жоғары деңгейде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуде. Бұл тек қазақ халқы ғана үшін емес, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлттар үшін де өте маңызды оқиға», - деді шетелдік мейман.

Оның атап өтуінше, бүгінде әлемнің көптеген елдерінің тарихшылары Қазақстандағы тарих ғылымына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықпен назар аударуда.

«Тарих ғылымы - кез келген мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Меніңше, Қазақстанның, қазақстандық ғалымдардың болашағы зор», - деді Р.Буканова.