Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойына арналған басты шаралар Шу мен Талас өзендерінің арасында өтеді - А. Мұхамедиұлы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мейрейтойына арналған басты шаралар Шу мен Талас өзендерінің аралығында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойына арналған басты шаралар Шу мен Талас өзендерінің арасында өтеді - А. Мұхамедиұлы

Оның айтуынша, Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мейрейтойына арналған шараларға қанша қаржы кететіндігі белгісіз. «Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен және жергілікті атқарушы органдар тарабынан, сонымен қатар өзге де қаржы көздері тартылуда. Мен бұл іс-шаралардың шығыны мол деп айта алмаймын», - деді министр.

Оның айтуынша, шаралардың басым бөлігі тарихи әрі идеологиялық бағытта ұйымдастырылатын болады. «Қорытынды бұқаралық шара қыркүйек айында Шу мен Талас аралығында өткізіледі. Ал қалғаны - ғылыми салаға қатысты шаралар. Бұдан бөлек, қазақ хандығы жайындағы сериал түсіруге біршама қаржы керек. Бірақ оның көлемі дайындық жұмыстары аяқталған соң белгілі болады», - А.Мұхамедиұлы.