«Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» РМК-ның ректоры Ш. Беркімбаева өз еркімен жұмысынан босады
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» РМК-ның ректоры Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева өз еркімен жұмысынан босады.
Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның атап өтуінше, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» РМК-ның ректоры міндетін атқару Динар Жүсіпәліқызы Нүкетаеваға жүктелді.
Айта кетейік, Ш.Беркімбаева педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының академигі. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған, Білім және ғылым министрі қызметін атқарған.
Ал білім ордасының ректоры міндетін атқарушы болып тағайындалған Д.Нүкетаева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.