Қазақ мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 88-ші маусымын ашады

АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры 17-қазанда Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасымен 88-ші маусымын ашады.
None
None

Спектакльдің қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ю.Ханинго-Бекназар. Маусым айында тұсауы кесілген бұл қойылыммен театр өзінің 87-маусымын жапқан болатын. Енді жұртшылықпен қайта жүздеспек.

Театрдың қазан айындағы репертуарына Д,Исабековтың «Жаужүрек», А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу», С. Асылбекұлының «Империядағы кеш», М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмалары, И. Сапарбайдың «Қыз мұңы», Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түн» лирикалық драмасы, Қ. Ысқақтың «Қазақтар» тарихи драмасы, Ә. Таразидің «Ақын ... періште ... махаббат» символикалық драмасы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі, Ф.Булыковтың «Отыз ұлың болғанша ...» мұңды комедиясы, М. Әуезовтің «Абай» трагедиясы, Н. Гогольдің «Үйлену» комедиясы еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар