Қазақ мергені «Азия балалары» ойындарының алтынын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азия балалары» ойындары аясында пневмо мылтықпен нысана көздеуде қазақстандық Елдар Иманқұлов жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі - 198,3 ұпай. Бұл туралы ysia.ru хабарлады.
None
None

Екінші орында якут спортшысы Арсен Гурьев (191,5 ұпай), қола жүлдені Индонезия командасынан Ай-Кадек Рико Вержиан иемденді (169,7 ұпай).

Жарысқа Ресей, Қазақстан, Бангладеш, Индонезия, Катар, Сингапура мен Шри-Ланка командалары қатысты.

Қыздар арасынан ресейлік Яна Енина жеңімпаз атанды, «күмісті» қазақстандық Ирина Локионова иемденді, «қола» - тағы бір ресейлік якут қызы Нюргустаана Борохинаға бұйырды.

Соңғы жаңалықтар