«Қазақ Мессиі» ресейлік «Уфа» клубына кететін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футболының үміті саналатын Еркебұлан Сейдахметтің ресейлік «Уфа» клубына кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған ақпаратқа қатысты пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын тараздық «Монтажник» футбол клубының негізін қалаушы, Георгий Хутиди растады.
Оның айтуынша, ресейлік БАҚ «қазақ Мессиі» деп ат қойған Еркебұлан қаңтардың ортасында «Уфа» ойыншыларымен бірге Кипрге оқу-жаттығу жиынына кетеді екен. Ал ақпан айында Еркебұлан Сейдахмет 18 жасқа толады. Кәмелет жасына тола салысымен ресейлік клуб тараздық ойыншымен келісімшарт жасаспақ.