«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры Ұ.Қарабалин мұнай саласының жас мамандарына шеберлік сабағын өткізеді

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-ның Кадр саясатын жүзеге асыру аясында, компанияның адам ресурстарын басқару департаменті ҚР мұнай-газ саласында танымал мамандарымен шеберлік сағаттары сынды іс-шаралар өткізуде.

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры Ұ.Қарабалин мұнай саласының жас мамандарына шеберлік сабағын өткізеді

Аталған шараның мақсаты - ҚМГ компаниясының заманға сай даярланған мамандарына жағдай жасау, мұнай және газ саласында өздерін қызықтырған сауалдарға бейресми жағдайда жауап табуына ықпал ету. Сондай-ақ, жетекшілерінен іске асырылып жатқан жобалармен танысып, олардың келешегі жайлы мағлұмат алу, ғалымдар мен ардагерлердің, жекелеген көшбасшы азаматтардың жеткен жетістігімен танысу.

Осы орайда компания баспасөз қызметінінің атап өтуінше, бүгін елордадағы «Бейжің сарайы» қонақ үйінде «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаз» компанияларының мамандарына арнап шеберлік сабағын өткізеді. Шара аясында Ұ.Қарабалин мұнай саласында орын алған тарихи оқиғалар жайлы, сондай-ақ мұнай саласының және қоғамның бүгінгі дамуы туралы әңгіме қозғайды. Кездесу пікірталас түрінде ток-шоу іспетті модератордың қатысуымен өтеді.

ҚазАқпарат анықтамасы: Ұзақбай Қарабалин - техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі. Еңбек жолын кәсіпшіліктерде қатардағы жұмысшы ретінде бастаған. 1997 жылы «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті, ал 2003 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті болып тағайындалды. «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен, «Құрмет», «Барыс» ордендерімен марапатталған. ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы. 80 астам астам мақала жазған ғалым, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.