Қазақ өнерінің саңлақтары: Қайрат Байбосынов

Оның ұстазы атақты әнші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚазССР-нің халық әртісі Жүсіпбек Елебеков. Шығармашылық жолы «Гүлдер» жастар ансамблінен басталған. Жас әншінің мақпалдай жұмсақ, жайлы баритон даусын Қали Байжанов аса жоғары бағалаған.
Қ. Байбосыновтың репертуары бай және әрқилы, ол: қазақ әндері "Ардақ", "Қарғаш", "Сұржекей", "Алқоңыр", халық композиторлары Біржан салдың, Ақан серінің, Мұстафаның, Естайдың, Ыбырайдың, Жаяу Мұсаның әндері, қазіргі композиторлар әндері («Асылым»). Ол бұрын - соңды сахнада орындалмаған 60- тан аса қазақ әндерін тұңғыш орындаған әнші. Қайрат Байбосыновтың өзіндік орындау мәнері қазақтың ән өнеріндегі айшықты із, қайталанбас қолтаңба болып табылады.
Ұмыт болған, сирек орындалатын әндерді қалпына келтіріп, халық арасына таратуда елеулі еңбек етуде. Концерттік сапармен АҚШ, Жапония, Германия,Франция, Испания, Италия, Түркия, Қытай, Бирма, Сингапур, т.б. елдерде болып, ұлттық өнерімізді шет ел тыңдаушыларына танытты. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері (1980).