Қазақ өнерінің саңлақтары: Мағауия Хамзин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мағауия Хамзин (1927-2000) - домбырашы, композитор-күйші, ҚазССР-нің халық артісі. 1927 жылы Жезқазған облысында туған. Алматы музыкалық училищесін бітірген, Хамит, Әшірбек, Аққыз сияқты әнші-күйшілерден домбыра өнерін үйренген.
None
None

М. Хамзин репертуарында Тәттімбеттің "Саржайлау" күйі, Тоқаның, Дайрабайдың, Аққыз бен Қазақстанның басқа халық композиторлардың күйлері бар. Ол шертпе күйдің шебері. М. Хамзин Моцарттың, Брамстың, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбырада орындаушы. Композитор - күйшінің домбырасы да оның орындау мәнері сияқты - ерекше құрылымды және толық дауысты. Хамзиннің шығармашылығы Қазақстандықтар арасында жақсы танымал әрі сүйікті. Оның шығармаларынан белгілілері: "Қос басар","Косманавтар", "Жайлау","Жарыс", "Жас қазақ" күйлері және басқалары.

1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.

1944 жылы Қарағанды филармониясына қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.

1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде қызмет етті.

1952 - 1957 жылдары Балқаш мыс корыту з-тыныи көркемөнер-паздар ұжымын басқарды.

1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.

Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.

Ол ұзақ жылдар бойы «Қазақконцертте» солист болды. Осы мамандық бойынша Қарағанды филармониясында, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде, Балқаш кеншілер Мәдениет Сарайында істеді. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.

1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-ң халық әртісі құрметті атағы берілді.

1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар