Қазақ-өзбек шекарасының кейбір учаскесінде далалық демаркациялау жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 14-18 қазан аралығында Алматы қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбек демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның Қарақалпақстан арасындағы учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын әзірледі.

Кездесу барысында 160 шекаралық бағанадан тұратын шекара белгілері хаттамаларының жобалары, сондай-ақ бұл шекара белгілерінің координаттары мен биіктігінің каталогы дайындалып, қол қойылды.

2019 жылдың қарашасында Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстарды жүзеге асыру уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы ахуалда өтті.

Соңғы жаңалықтар