Қазақ палуандары халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар, сонымен қатар, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 280-нен астам палуан қатысты. Олар (UWW) ережелеріне сәйкес күресті.
Турнирдің бірінші күні палуандар - 50 кг, 60 кг, 74 кг и 96 кг салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтаса, ал екінші күні мына салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күресті: 55 кг, 66 кг, 84 кг, 120 кг. Жарыстың нәтижелері бойынша Қазақстан спортшылары 20 медальмен өзгелерден басым түсті. Жалпы, еліміздің палуандары 5 алтын, 6 күміс және 9 қоланы олжалады.
- Мен осымен жарысқа үшінші рет қатысып жатырмын. Мен екінші орынды иелендім, бірінші орынға кішкене ғана жетпей қалды. Қарсыласым мықты болды. Алайда, мен еңсемді түсірмей, көп жаттығып, келесі турнирде алтын медальді жеңетініме сенімдімін. Алдағы уақытта әлем және Азия чемпионаты жоспарда бар. Жеңімпаз атанғым келеді, - деп атап өтті жарыстың күміс жүлдегері Антон Савенко.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, дипломдар және медальдермен марапатталды.
Спорттық шара Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның күрес Федерациясының, «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар Дирекциясы» мемлекеттік қорының қолдауымен ұйымдарстырылды.
Айта кетсек, Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған турнир грек-рим күресін жастар арасында дәріптеу, көршілес елдердің спортшылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, «ҚР спорт шебері» нормативін орындау, ҚР мемлекеттік құрама командасына үздіктерді іріктеу мақсатында осы жылы 33-ші рет өткізіліп жатыр.
Назарларыңызға бүгінгі жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:
50 келі
I. Алпамыс Дастанбек (Қазақстан)
II. Руслан Есентай (Қазақстан)
III. Халис Раджапов (Қазақстан)
III. Жасур Ортыкбаев (Өзбекстан)
60 келі
I. Ернар Фидахметов (Қазақстан)
II. Ғалым Қабдунасыров (Қазақстан)
III. Арслан Абдурахман (Қазақстан)
III. Грачи Погасян (Армения)
74 келі
I. Бека Мамукашвили (Грузия)
II. Малхас Амоян (Армения)
III. Евгений Поливадов (Қазақстан)
III. Рахмет Сәпиев (Қазақстан)
96 келі
I. Елмар Оқалы (Қазақстан)
II. Төрехан Жақыпов (Қазақстан)
III. Саба Бухрикидзе (Грузия)
III. Тимур Мамажанов (Өзбекстан)
Екінші күн, 7 мамыр:
55 келі
I. Ернұр Фидахметов (Қазақстан)
II. Ринат Балташев (Қазақстан)
III. Диас Күресбай (Қазақстан)
III. Шаймерден Абауов (Қазақстан)
66 келі
I. Мерей Бекенов (Қазақстан)
II. Георгий Куртанидзе (Грузия)
III. Георгий Гуджабидзе (Грузия)
III. Екпін Серікбол (Қазақстан)
84 келі
I. Темури Цкуаселидзе (Грузия)
II. Санжар Темірбек (Қазақстан)
III. Елдос Мағзұмов (Қазақстан)
III. Бағдат Үсенов (Қазақстан)
120 келі
I. Звиади Патаридзе (Грузия)
II. Антон Савенко (Қазақстан)
III. Аббос Ибрагимов (Өзбекстан)
III.Азмедин Вахабов (Тәжікстан).