Қазақ радиосында жаңа кадрлық өзгерістер

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары болған Қыдыр Уәли тағайындалды.
Қыдыр Уәли бұл қызметте Ғалымжан Мелдешті алмастырды. Қазақ радиосында директор, директордың орынбасары, бас редактор қызметтерінде болған Ғалымжан Мелдеш жуырда Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Қыдыр Уәли Сағындықұлы - 1975 жылы 21 қаңтарда дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ -дің журналистика факультетін бітірген.
Қызмет жолын Әділет Министрлігі «Заң» АҚ-ның басылымдарын шығарушы- редакторы болып бастаған (2000 ж.). 2001 жылы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінде жұмыс атқарды. 2002-2004 жылдары Республикалық «Заң» газетінің тілшісі, бөлім редакторы болды. 2008-2009 жылдары аралығында республикалық «Нұр Астана» газетінің Алматы бөлімшесін басқарды. 2009-2012 жылдары еліміздегі көптеген газет-журналдардың басын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды