Қазақ-ресей шекарасында 50 тонна дизельді отын тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар қазақ-ресей шекарасында 50 тонна дизельді отынды заңсыз шығармақ болғандардың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақ-ресей шекарасында 50 тонна дизельді отын тәркіленді

«Аят» (автомобильдік) өткізу-бақылау бекетінің (Қостанай облысы) бақылаушылар шекаралық бақылау кезінде 2 «Форд Карго» автомашинасымен Қазақстаннан Ресейге 50 тонна дизельді отынды заңсыз жолмен шығармақ болған Ресей Федерациясының 2 азаматын ұстады.

Құжаттарын қарау кезінде аталған жүктің атына заты сай болмай шықты - пешке жағатын отын ретінде толтырылған жүктері дизельді жанармай болып шықты.

Ұсталған жүк Қостанай облысының қаржы полициясына берілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.