Қазақ-Ресей шекарасында есірткі затын жасырын өткізбек болған азаматша ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің батысындағы Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет авто» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 20 милилитрлік сұйық опиумды жасырып өткізуге тырысқан 37 жастағы әйелді ұстады.
«Ақтөбе-Орск» бағытында келе жатқан автобусты шекаралық бақылаудан өткізген шекара наряды бір әйелдің қол жүгінің ішіне салынған джинси шалбарының қалтасынан 2 флакон «Тропикамид» дәрісін тапты. Әрбір флаконның салмағы 10 миллилитрден екен. Ал оның ішіндегісі - сұйық опиум болып шықты.
Аталған дерек бойынша ішкі істер органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.