22:47, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Қазақ-ресей шекарасында контрабандалық тауардың жолы кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-Ресей шекарасында контрабандалық іс-қимылдың екі дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Орал шекара жасағына қарасты «Сырым авто» өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары «Ман» автокөлігімен ресей жеріне бағыт ұстаған қазақстандық үш азаматты ұстады. Олар мінген автокөлікті қарау кезінде одан 40 тонна шошқа еті табылды.
Жүктің өзі көліктік қағаздар мен ветеринарлық сертификатқа сәйкес келмей шықты.
Осы күні «КамАЗ» жүк көлігімен ресейге жол тартып бара жатқан 42 жастағы жерлесіміз де ұсталды, оның көлігін қарау кезінде құжатсыз кетіп бара жатқан 15 тонна қара металл сынықтары табылды. Оның алдын ала бағасын есептегенде 2 000 000 теңгені құрады.