Қазақ сахнасының аңыз тұлғасы - Бибігүл Төлегенова Алматыда дауыс берді
Бүгін Бибігүл Төлегенова сайлау учаскесіне бармады. Көшпелі сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстанның халық әртісінің үйіне дауыс беру жәшігін алып келді.
Жезтаңдай әншінің пікірінше, сайлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
«Менің ойымша, президенттікке өз үміткерлігін ұсыну - өте үлкен жауапкершілік. Біз егемен мемлекетпіз. Президент міндетіне әлемдік аренада біздің құқығымызды қорғау кіреді», - деді Бибігүл Төлегенова.
Сонымен қатар, Алматыда өз сайлау учаскелерінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметов, опера әншісі – Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев және эстрада әншісі – ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова да дауыс берді.