«Қазақ» сөзі туралы 1245 жылғы қыпшақ-араб сөздігінде не айтылған? - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 2 маусым, сейсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, кеше Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен V съезге дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болды. Діни форум 2015 жылы 10-11 маусымда Астанада өтеді және діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне әлемнің 42 елінен 80 делегация қатысатын болады. V съездің аясында екі жалпы және төрт секциялық отырыс өтеді. Діни форумдағы пікірсайыс тақырыптары: діни және саяси қайраткерлердің адамзат алдындағы жауапкершілігі; діннің жастарға әсері; дін мен саяси өзара іс-қимылдың жаңа көріністері мен келешегі; бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесім жолында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өзара құрмет және түсіністігі секілді өзекті тақырыптар. Қ.Тоқаев Мемлекеттік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді. Сенат Төрағасы шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл материал (Комиссияның қорытынды отырысы» деген тақырыппен көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Сондай-ақ бас басылымдағы «Ауылдарда сүт қабылдау орындары ашылуда» деген мақалаға Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өндіру мәселесі өзек болған. Өңір басшысы Даниал Ахметов биыл тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде облыс көлемінде 37 тауарлы сүт фермалары құрылатынын айтқан болатын. Осы орайда, облыс көлемінде халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру, сүт қабылдау бекеттерін ашу және сүт өңдеу кәсіпорындарының әлеуетін нығайтудың кешенді жұмыстары қолға алынды. Облыс әкімі Даниал Ахметов Жарма ауданына жұмыс сапары барысында Бірлік ауылындағы «Имаділов» шаруа қожалығында ашылған сүт қабылдау бекетімен танысты. Ресейден әкелінген «Fresh milk» сүт қабылдау пункті халықтан күнделікті 850 литр көлемінде сүт қабылдауға есептелген екен. Тұрғындар тапсырған сүт әрі қарай өңірдің сүт зауыттарына жеткізіледі. Аталған құрылғы «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ несиелеу желісі арқылы 3,2 млн. теңгеге сатып алынды.

- Бұрын ауыл тұрғындарының сүт жинауға қауқары жоқ болатын. Бүгінде біз сүттің бір литрін 60 теңге көлемінде сатып аламыз. Тек біздің ауылдық округтің өзінде күн сайын 184 отбасы сүт өткізеді, - деді шаруа қожалығының басшысы Ерболат Имаділов.

***

«Айқын» газетінің жазуынша, Қазақстандағы 17 миллионнан астам тұрғынның 5 миллионын балалар құрайды. Ресми мәліметке қарағанда, мұның 33 682-і ата-ана қамқорлығынан тыс қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ 138 518 бүлдіршін әртүрлі ауруға ұшырап, шектеулі мүмкіндікпен тіршілік кешіп келеді. Ал 3 пен 7 жас аралығындағы 600 мыңдай бала әл-ауқаты өте төмен отбасында күнелтуде. Әрине, бұл - жалпы қоғамның жұмылып шешетін мәселесі. Соңғы кездері балалар арасындағы түрлі келеңсіздіктердің белең алуына байланысты олармен жұмыс жүргізуді де заман талабына сай жетілдіру күн тәртібіне шықты. Сондықтан да кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «ҚР Конституциясы 20 жыл балалардың құқығы мен денсаулығын қорғауда» атты республикалық конференция өткізген «Асыл бала» республикалық қауымдастығы жаңа бастама көтеріп отыр. Жиында сөз сөйлеген қауымдастықтың төрайымы Анар Рахымбаева еліміздегі бала құқығын қорғаумен айналысатын барлық бірлестіктерді «Асыл баланың» айналасында топтастыруға шақырып отыр. Бұл мақала «Келеңсіздікпен бірігіп күреседі» деген тақырыппен берілген.

Осы басылымда «Аманат» - абыройлы фильм» атты мақала жарияланды. «Қазақфильм» соңғы уақытта сүбелі туындылармен қуантып жүр. «Біткен іске сыншы көп» демекші, әр фильм сайын түрлі пікір айтылып, соңы қызу пікірталасқа ұласып жатады, бұл - заңдылық. Ал күні кеше ғана премьерасы өткен «Аманат» фильмі көптің көңілінен шығатын дүние десек, дау туа қоймас. Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұхан

Бекмахановтың өмірін өзек еткен фильм арнайы көрсетілімнен кейін-ақ көрерменнің ықыласына ие болып үлгерді»,-деп жазады басылым.

***

«Ана тілі» газетінің соңғы санында «Қазақ» сөзі туралы 1245 жылғы қыпшақ-араб сөздігінде не айтылған?» деген мақала берілген. «Қазақ» сөзінің мағынасына қатысты зерттеу жұмыстары екі жарым ғасырға жуық уақыт жүргізіліп келе жатса да, зерттеу жұмыстарының көпшілігі «қазақ» сөзіне қатысты жазылған мақалаларға шолулар бойынша жасалған көзқарастар мен пайымдаулардан тұрады. Көзқарастардың кейбірі көңілге қонымды болжамдар болса, енді біреулері аңыз-әңгімелерге сүйеніп жасалған этимологиялар болып келеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай осы сұрақтың шешімін табуға өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен, «қазақ» сөзіне араб тілінде түсіндірме жасалған 1245 жылы Мысырдағы мәмлүк қыпшақтары тарапынан жарыққа шыққан «Қыпшақ-араб сөздігі» қолжазбасының түпнұсқасы негізінде зерттеу жұмыстарын жасаған едік»,-деп жазады мақала авторы. Осы жайында толық білгіңіз келсе, мақаланы оқып шығыңыздар.

Соңғы жаңалықтар