Қазақ спортшыларын осы аптада қандай сайыстар күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрлігі алдағы күндері жанкүйерлерді қандай жарсытар күтіп тұрғанын мәлім етті. Аталған ведмствоның баспасөз қызметі атап өткендей осы аптада спорттық сайыстарға толы болмақ.

анонс Казинформа
Фото: Kazinform

21–22 қазан – Almaty Cyber Games International

Almaty Cyber Games International халықаралық киберспорт және ойын мәдениеті фестивалі өтеді. Турнир CS:Dota 2 және FIFA ойындары бойынша финалдық жарыстарды қамтиды. Қонақтардың арасында Иван Жарков (Marvel киноәлеміндегі Тордың дауысы), сондай-ақ танымал киберспортшылар mou, Dosia және стримерлер Leo KZ, baxadoto, Q.bro бар.

Өтетін орны: СК SADU Arena, Алматы қ.

22–25 қазан – Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024–2025 жылдың негізгі кезеңі басталады

«Қайрат Футзал», «Семей», «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) командалары элиталық кезең жолдамасына таласады.

Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы қ.

22–26 қазан – Ерлер мен әйелдер арасында блиц және рапид бойынша шахматтан Қазақстан Республикасы командалық чемпионаты

Қарағандыда шахматтан Қазақстанның командалық чемпионаты өтеді. Облыстардың құрамалары, халықаралық атағы бар шахматшылар, сонымен қатар рейтингі 2000+ ерлер және 1800+ әйелдер қатысады. Жеке турнир 26-28 қазан аралығында өтеді.

Өтетін орны: Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, Қарағанды қ.

26–27 қазан – Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның XXXIII баскетбол чемпионаты

«Алматылық Легион» баскетбол клубы өз алаңында Ақтаудан келген БК «Каспий» командасын қабылдайды.

Өтетін орны: Champ1on спорт кешені, Алматы қ.

27 қазан – «Астана-Ақтөбе» футбол матчы

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтары Алматының Орталық стадионында кездеседі.

Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қ.
Уақыты: 18:00

27–28 қазан – Ерлер командалары арасындағы ұлттық баскетбол турнирі

БК «Астана» және БК «Тобыл» командалары жыл сайынғы турнир аясында кездеседі.
* 27 қазан: 15:00 –«Астана БК» мен «Тобыл» БК
* 28 қазан: 20:00 –«Астана» БК мен «Тобыл» БК

Өтетін орны: Баскетбол академиясы, Алматы қ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Досжан Өтепқалиев ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.