Қазақ спортшысын UFC-тегі алғашқы айқасы алдында қарсыласы қорқытпаққа әрекеттенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC-тегі алғашқы қазақ Дамир Исмағұловты оның қарсыластары көз арбасу кезінде қорқытпақ болған. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақ спортшысын UFC-тегі алғашқы айқасы алдында қарсыласы қорқытпаққа әрекеттенді

Көз арбасу кезінде салмақ өлшеу рәсімінен кейін қарсыласы оған тұмсық түйістіре жақындап, шапалақпен тартып жіберемін деп қорқытқан. Бұл туралы Дамир өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Мені қарсыластарым «өлтіремін» деп жиі қорқытатын, сондықтан «шапалақтаймын» деген сөзден қорықпаймын және мен ағылшын тілін жақсы білмеймін. Жақында «қызық» болады», - деп бөлісті Дамир.

Еске салайық, желтоқсанның 1-нен 2-ісіне қараған түні Аделаидта (Аустралия) UFC Fight Night 142 аралас жекпе-жек кеші өтеді. Оған этникалық қазақ Дамир Исмағұлов қатысады. Ол «Хитмэн» лақап атымен танымал жергілікті спортшы Алекс Горджеспен айқасады.