Қазақ студенттері Гонгонгта театрландырған шоу ұйымдастырды

БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - Гонконгтағы Қазақстан студенттері ҚР Бас консулдығымен бірлесе отырып Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақ студенттері Гонгонгта театрландырған шоу ұйымдастырды

Гонконг Политехникалық Университетінің студенттері  өз мұғалімдері мен әр елден келген курстастарына арнап мерекелік театрландырылған шоу ұйымдастырды.

Мерекелік қойылымда қазақстандық студенттер шетелдік аудиторияны қазақ халқының мәдениетімен, ұлттық тамақтарымен таң қалдырды. Шетелдік студенттер қазақтың ұлттық ойындарына қатысты.

Осындай іс-шара Гонконгтағы қазақстандық студенттердің екінші тобы оқып жатқан Баптист университетінде де ұйымдастырылды. Мұнда да шетелдік аудиторияға біздің еліміздің тарихы, мәдениеті мен қазіргі заманғы дамуы таныстырылып,  ойын-сауық интерактивті конкурстар өткізілді.
null null null null 

Іс-шараға қатысқан қазақстандық дипломаттар Орталық Азиядағы Наурыз мерекесі туралы айтты. Сонымен қатар  біздің еліміз бен Елбасымыздың мәдени, тарихи және лингвистикалық қауымдастық негізінде аймақ елдерін интеграциялаудағы рөлін, қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін ескере отырып, қазақстандық дипломатияның басымдықтарын, ұлттық мәдениет пен тарих туралы жеткізді.
null null null 

Естеріңізге сала кетейік, Гонконгта әлемдік деңгейдегі QS World University Rankings Worldwide нұсқасы бойынша әлемнің жетекші 100 университетінің қатарына кіретін білім ордалары орналасқан. Бүгінгі мұнда Қазақстаннан 100-ге жуық студент білім алып жатыр. Олардың көпшілігі бакалавриат бағдарламасы бойынша оқиды.
null null