Қазақ театры әлемдік контексте...

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлемдік театрлармен салыстырғанда бүгінгі қазақ театры қай деңгейде? Бүгінгі қазақ театрында қандай тақырыптар көтеріліп, қандай жаңалықтар енгізілу керек деп ойлайсыз?
None
None

Қазақ (театр) көрерменінің талғамын қалай өсірсек болады? Бүгінгі театр артистерінің кітап оқу, іздену жағына қандай баға берер едіңіз?» - деген сұрақтарды өнертанушыларға қойған едік.

Бақыт НҰРПЕЙІС, өнертану докторы, профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Кино, ТВ және өнертану факультетінің деканы

Әлемдік театр қарыштап дамып кеткен

Бүгінгі таңда біздің қазақ театрына «жаңа драматургия» мен «жаңа режиссура» қажет. Біз әлемдік театрларда болып жатқан театрлық ағымдар мен үрдістерді бақылай отырып, өзіміздің ұлттық актерлік мектебімізді сақтап, ұлттық келбетімізді көрсететіндей деңгейден көрінуге тиіспіз. Бұл мәселе театр қайраткерлері бас қосқан ғылыми-практикалық конференцияларда, симпозиумдарда, «Дөңгелек үстел­дерде», тағы да басқа алқалы жиындарда үнемі көтеріліп келе жатыр.

Театр көрермендерінің мәдениеті әр түрлі болып келеді. Себебі, спектакль көруге жиналған адамдардың жас мөлшерлері, білім деңгейлері мен ұғым-түсініктері, эстетикалық көзқарастары бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан да спектакльді қабылдаулары да өздерінің жеке бастары­ның мәдениетімен тығыз байланысып жатады. Театр өнері көрермендердің көз алдында ойналатын жанды өнер болғандық­тан да, спектакль көріп отырған көпшілік қауым өзінің театрға келгенін естен шығар­мауы керек. Егер комедия ойналып жатса, орынсыз жер тепкілеп, керек емес тұста қол шапалақтап, шуылдап кететіндер де бар. Сол тәрізді трагедия жүріп жатса, кейіпкерлермен қоса жағаласып сөйлесіп, даурығатын көрермендер де жоқ емес. Тіпті, кейбіреулері сағыз шайнап, тамақ та жеп отырады. Мұның бәрі сол адамдардың театр туралы түсініктерінің тым таяз екендігін көрсетеді. Біздіңше театр көрермендерін тәрбиелеуді балабақша мен мектеп қабырғасында жүрген бүлдіршіндерден бастау керек. Оларды театрларға апарып, спектакль көрудің мәдениетін бойларына бала жастан сіңірген жөн.

Әзірлеген Әлібек БАЙБОЛ

Соңғы жаңалықтар