Қазақ тілді мектептердегі білім сапасы жылдан-жылға артып келеді - Астана қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы
Қалалық тілдерді дамыту басқармасы бастығының айтуынша, 1998 жылдан бері Астана қаласындағы қазақ тілді мектептердің, балабақшалардың саны біршама көбейе түскен. Дегенмен, көптеген ата-аналардың қазақ тілді мектептердің білім беру деңгейі төмен деп санайтындығын атап өткен ол, «олардың саны ғана емес білім сапасы да соңғы жылдары артып отыр. Сондықтан ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне беруден еш қорықпауы керек. Мәселен, өткен жылы мектеп бітіріп, «Алтын белгі» иеленген 73 елордалықтың 61-і қазақ сыныбында оқыған. Сонымен қатар түрлі халықаралық байқаулардың жүлделі орындарына іліккен 68 оқушының да 63-і қазақ сыныбында білім алған балалар», деді.
Басқарма бастығының сөзіне қарағанда, 1998 жылы елордада 27-і ғана көше қазақша аталса, қазіргі уақытта көшелердің 80 пайызға жуығы толықтай қазақша атауға ие болған. Сондай-ақ сол кезеңдерде орыс тілінде болған барлық балабақшалардың да атауы бүгінгі күні қазақшаланған.
Оның айтуына қарағанда, аяқталуына әлі бір жыл бар аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Дегенмен, кемшін тұстары да жоқ емес. Мәселен, елорда мекемелерінде іс жүргізу 2007 жылы толықтай мемлекеттік тілге көшкенімен, құжаттар ресми тілде дайындалып, содан кейін ғана мемлекеттік тілге аударылып келеді. «Астанадағы мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің 60 пайызы қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілде құжат дайындай алғанымен, қалғандары әлі де болса аудармашының көмегіне жүгініп отыр», деді ол.
Аталған шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шәймерденұлының да арнайы шақырылғандығын айтқан орталық өкілдерінің сөзіне қарағанда, комитет тарапынан не жазбаша не болмаса ауызша жауап болмаған.