Қазақ тілді сайттар арасындағы «Интернет-доданың» жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет жастарға арналған қазақ тілді сайттар арасында ұйымдастырылған «Интернет-дода» атты байқаудың жеңімпаздары анықталды.
None
None

Аталған байқауға қатысу үшін мемлекеттік тілді насихаттап, жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген ғаламтор желілерінен 50-ден астам өтініш түсті. «Интернет-дода» барысында тек жастарға арналған мемлекеттік тілдегі, «kz» домені бар веб сайттар ғана бақ сынады. Іріктеу кезінде веб сайттардың мазмұны, дизайны, грамматикасы, жаңартылуы, оқырмандарының саны, пікірлердің, суреттердің, фото-видео материалдардың сапасына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылардың санына шектеу қойылмады. Ал телеарна, радио, газеттер, мемлекеттік және шетелдік ұйымдардың сайттары байқауға қатыстырылған жоқ.

Байқау қорытындысы бойынша үш сайт жеңімпаз деп танылды. Олар: «Массагет» (Massaget.kz) - 1 орын, «Айналайын» (Aynaline.kz) - 2 орын және «Сұрақ-жауап» (Szh.kz) - 3 орын. Жеңімпаздардан бөлек, жастарға арналған қазақ тілді сайттарды қолдау мақсатында 17 сайт жүлдегерлердің қатарына енді.

Айта кетейік, «Интернет-дода» байқауының жеңімпаздарынмарапаттау рәсімі бүгін «Астаналық» бизнес орталығында кешкі сағат 17:00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар