Қазақ тілі еліміздегі ұлттарды байланыстыратын буын болуы қажет - сарапшы Сайын Борбасов

АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп,  «Қазақстандағы этностарды топтастыру үдерісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шара барысында Қазақстанның этникааралық кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайту, республикадағы этностар арасындағы өзара түсіністік пен татулық, олардың біртұтас ұлтқа бірігу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі күнгі геоэкономикалық, геосаяси жағдайларда полиэтникалық елдің этностарын біріктіру, оның мемлекеттілігінің басты шарты болып табылатындығы да айтылды.

          Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті Есенжол Алияровтың айтуынша, осы мәселелермен айналысатын ұйымдардың бірі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этникааралық келісімді нығайту жолында айтарлықтай үлес қосып келе жатыр. «Еліміздің этникааралық кеңістігіндегі жұмысын үздіксіз дамыту қажет. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын одан әрі жетілдіруге жақында құрылған Ғылыми-сараптамалық кеңестің қосар үлесі зор болмақ», дейді Е. Алияров.

          Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының бас сарапшысы Сайын Борбасовтың айтуынша,  «қазіргі уақытта ел халқының 66 пайызы - қазақтар, яғни 16 миллион халықтың 9,3 миллионы. 20-30 жылдан кейін  бұл көрсеткіш 88 пайызды құрауы мүмкін. Сондықтан мемлекетіміздегі басқа ұлттардың қазақ тілінде сөйлеп,  үйренуіне мән беруіміз керек. Қазақ тілі еліміздегі ұлттарды байланыстыратын буын болуы қажет».

         Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының, оның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері, еліміздегі мемлекеттік, тәуелсіз ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының сарапшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар