Қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдері жастарының қауымдастығы құрылады

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдері жастарының қауымдастығы құрылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының төрағасы Берік Әбдіғалиев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдері жастарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады. Президенттік қор осы қауымдастыққа құрылтайшы болып, қолдау көрсетпек. Сонымен бірге, бүгінгі күні қазақ тілін үйренуге байланысты тиімді әдістемелер жоқтығы туралы әңгіме көп айтылады. Солай бола тұра, бұндай қолда бар әдістемелер туралы да аз естіп жүрген жоқпыз. Мақтап жататын да, кемшіліктер тұрғысынан сыналып жататындар да баршылық. Сондықтан да, Президенттік қор ұйымдастыратын байқаудың арасында «Қазақ тілін үйретудің ең үздік әдістемесі» байқауы жарияланып отыр. Бұл байқауға тіл ғалымдары емес, қазақ тілін өз бетінше үйренген басқа ұлт өкілдерінің азаматтары қазылық ететін болады», дейді Б. Әбдіғалиев. Оның айтуынша, қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдері жастарының қауымдастығы тіл үйренудегі ең үздік әдістемені таңдаса, сол әдістемені халыққа кеңінен таратуды Президенттік қор мойнына алады. Яғни, ең үздік деп танылған тіл үйрену әдістемесі көп даналы кітап немесе дискі күйінде шығарылатын болады.
Соңғы жаңалықтар