13:33, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақ тілін оқытудың алдыңғы қатарлы жүйесі құрылады - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақ тілін оқытудың алдыңғы қатарлы жүйесі құрылады.
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Мемлекеттік тілді оқудың алдыңғы қатарлы жүйесін құрамыз. Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі қазақ тілін меңгеретін болады»,-деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы педагог мәртебесін арттыруға баса екпін қойылатынын айта келе, оқытушылардың айлығы бизнестегі жалақыға теңестірілетіндігін жеткізді.