Қазақ тілін тегін үйрететін интернет-портал ашылды

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Астанада Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режимінде тегін үйренетін «www.soyle.kz» Интернет-порталының ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінен.

Қазақ тілін тегін үйрететін интернет-портал ашылды

Аталған жобаны Мемлекеттік тілді дамыту Қоры «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында «Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры» мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясының қолдауымен жүзеге асырды.

Іс-шараға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Қорының» атқарушы директоры Сағындық Нұраханов, «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» компаниясының президенті Сын Сик Чой, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш және «Мемлекеттік тілді дамыту» Қорының директоры Азат Шәуеев қатысады.