Қазақ тілін жаппай және тегін оқытатын курстар санын арттыру қажет - филология ғылымдарының кандидаты Л. Құндақбай

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Елімізде бүгінгі таңда мемлекеттік тіл мәселесі, жалпы тіл саясаты - мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. «Тіл тағдыры - ел тағдыры» екендігін барша қазақстандықтар түсіністікпен қабылдауда,

Қазақ тілін жаппай және тегін оқытатын курстар санын арттыру қажет - филология ғылымдарының кандидаты Л. Құндақбай

өздері туып өсіп, өркен жайып отырған елдің, жердің, мемлекеттің мемлекеттік тіліне назар аударып, сол тілді үйрене бастауы осының айғағы. Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазіргі қазақстандағы - полилингвистика» деген тақырыпта өткен "дөңгелек үстел" отырысында филология ғылымдарының кандидаты Ләйлә Құндақбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, оған дәлел өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін аса жоғары ықыласпен үйренуі және қазақстандықтардың сөзден іске көшіп, елімізде тілге қатысты түрлі іс-шаралардың үздіксіз өткізіліп жатқандығы.

«Қазақ тілінің оқытушысы ретінде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген көзқарасының, оны үйренуге деген ықыласын көріп қуанудамын. Осы орайда, мемлекетіміз еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген ықылас-ынтасының артып отырған кезінде, қазақ тілін үйрету мәселесінде, кезіндегі Кеңес Үкіметінің «жаппай сауат ашу саясатындай» саясат ұстанып, қазақ тілін жаппай және тегін оқытатын курстар санын арттыра түссе, нәтижелі іске қол жеткізеріміз анық деп ойлаймын», деді ол.

Л.Шегебайқызының айтуынша, қазіргі уақытта құзырлы мекемелердің қызметкерлері мемлекеттік тілді үйрететін курстар мен тіл орталықтарын іздеп жанталаса бастауда. «Олардың жарнамаларға көңіл бөліп, интернет ақтаруын он тоғыз жылдан бері қатып тұрған сеңнің орнынан қозғалғаны деп білемін», деп атап өтті ол.

Ол сонымен қатар, алдағы уақыттарда барлық оқу орындарында мультимедиялық кабинеттерге қол жеткізе алатындай жағдай туындаса, мультимедиялық бағдарламаларды қолдана алса, нұр үстіне нұр болар еді», деп өз пікірін білдірді.