Қазақ тіліндегі телеарна ашу мәселесін еліміздің барлық журналистері қолдауы қажет ? «Хабар» агенттігі

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде қазақ тіліндегі телеарна ашу бастамасы – қазақ журналистикасы саласындағы көкейкесті мәселелердің бірі.

Қазақ тіліндегі телеарна ашу мәселесін еліміздің барлық журналистері қолдауы қажет ? «Хабар» агенттігі
Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан журналистикасы: өзекті мәселелер» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» барысында «Хабар» агенттігінің ақпараттық бағдарламалар дирекциясының атқарушы продюсері, жаңалықтар топтамасының жүргізушісі Еркін Байғабылұлы осыны атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өз сөзінде белгілі журналист басқосуға жиналған еліміздің жетекші БАҚ өкілдерін осы мәселеге қолдау көрсетіп, оның жүзеге асуына белсене араласуға шақырды. Сондай-ақ Е.Байғабылұлы бүгінгі телеарналардағы 50/50 қағидатын сақтамау мәселесін атап өтіп: «Бүгінгі таңда осы мәселені бақылайтын құзіретті органның жанынан арнайы комиссия құрудың кезі келді. Оның арқасында тіл және бұқаралық ақпарат саласындағы заң бұзушылықтарды анықтап, қазақ тілді бағдарламаларының аясын кеңейту қажет», - деді тележүргізуші.