Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмі үлкен экранға жол тартпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» қауымдастығы Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде» («Алиса в Зазеркалье») атты қазақ тіліне дубляждалған фильмін Қазақстанның үлкен экрандарына шығармақ.

Қазақ тіліне дубляждалған «Алиса айнаның арғы бетінде»  фильмі үлкен экранға жол тартпақ

«Достар, 26 мамырдан бастап, Қазақстанның үлкен экрандарына Disney студиясының «Алиса айнаның арғы бетінде» /«Алиса в Зазеркалье» атты қазақ тіліне дубляждалған фильм шығатыны туралы сіздермен бөліспекпіз», - делінген «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі танда «Aray Media Group» кәсіби дыбыс жазу студиясында режиссер Айжан Жәмшитованың қатысуымен монтаждау және дубляждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Алиса айнаның арғы бетінде» /«Алиса в Зазеркалье» - Льюис Кэроллдың ұмытылмас кейіпкерлері қатысатын әсерлі оқиға. Алиса Ессіз Қалпақшыны құтқару үшін өткен шаққа саяхатқа аттанып, Жер астының хикметті әлеміне қайта оралады.