Қазақ-түрік лицейі Ақмола облысындағы мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуда көмек көрсетуге әзір

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үштілді білім беру бойынша Жол картасын іске асыру аясында таяуда М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» ұйымдастыруымен жаңа оқу жылында үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерге арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беру» атты облыстық семинары өткізілді.

Қазақ-түрік лицейі Ақмола облысындағы мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуда көмек көрсетуге әзір

Семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі  ат салысты. Аталған іс-шараға облыс бойынша 25 мектептен 100-ге жуық мұғалім қатысты. Мұғалімдерге шеберлік сыныптары өткізілді. 

Облысымызда көптілді білім беруді сәтті енгізу үшін Облыстық дарынды балаларға арналған № 1 «Қазақ-түрік лицейі» мектеп интернатының тәжірибесін кеңінен пайдалану қажетілі айтылды. Қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері облыс мектептеріне жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуда әдістемелік көмек көрсетуге қарсы емес екендіктерін айтты, деп хабарлайды  «Ақмола медиа орталығы».