Қазақ-түрік лицейінің оқушылары «ҚазТрансОйл» АҚ бас диспетчерлік басқармасының жұмысымен танысады

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін қазақ-түрік лицейінің оқушылары «ҚазТрансОйл» АҚ бас диспетчерлік басқармасының жұмысымен танысады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
None
None

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «KAZENERGY» қауымдастығы сіздерді ҚМГ компаниясы тобының қызметімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің жоғары сынып оқушылары қатысатын іс-шара ұйымдастырады. Оқушылар «ҚазТрансОйл» АҚ бас диспетчерлік басқармасының жұмысымен танысады», - делінген хабарламада.

Компанияның атап өтуінше, бұл жоба өсіп келе жатқан жастарға отаншылдыққа, идеологиялық тәрбие беруге, оларға мұнай өндірудің негізгі аймақтары туралы, Қазақстан мұнайын шетелге тасымалдаудың бағыттары және компанияның кейбір инвестициялық жобалары жөнінде тереңірек білім беруге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар