Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде Күләш Байсейітованың есімі берілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақ ұлттық өнер университетіне ресми түрде аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейітованың есімі берілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Күләш Байсейітова
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еске сала кетейік, оқу орнын қайта атау туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, бұл туралы өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жариялаған болатын.

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, оқу орнына «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» атауы ресми түрде берілді.

Бұл маңызды оқиға Күләш Байсейітованың ұлттық мәдениет пен қазақ өнеріне қосқан зор үлесін айшықтап, оның мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеудің айқын көрінісі болды.

Сонымен қатар «Астана Опера» театрының Камералық залына Күләш Байсейітованың есімі беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар