Қазақ ұлттық аграрлық университетінде пәндік олимпиада өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ауыл шаруашылығы ғылымдары мен ветеринария мамандықтары бойынша пәндік олимпиада басталды,

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде пәндік олимпиада өтіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екі күнге созылатын білім бәсекесінде ел аймақтарынан ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысты білім алатын студенттер бақтарын сынауда. Жарыс агрономия, зоотехния, аңшылықтану және аң шаруашылығы, балық шаруашылығы, агроинженерия, орман шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, жерге орналастыру және кадастр, ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария пәндері бойынша өтуде. Мұндағы мақсат оқу пәндерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және шығармашылық бастамаларды арттыру, университетте студенттерді сапалы оқыту деңгейін жетілдіру болып табылады. «Пәндік олимпиада еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл оң үрдіс отандық жоғары оқу орындарында енді ғана қолға алына бастады. Бұндай бәсеке соңғы рет өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұйымдастырылған болатын. Әділқазылар алқасы студенттердің білім деңгейін 100 балдық жүйе бойынша бағалайды», - дейді университеттің ғылым басқармасының бастығы Шухрат Сыдықов.