Қазақ ұлттық аграрлық университетінде спортқа ерекше көңіл бөлінеді - Дина Жүсіпалиева

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан VI жазғы универсиада ойындарының ашылу рәсімі кезінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің проректоры Дина Жүсіпәлиева былай деді:
None
None

«VI Жазғы универсиада ойындарының Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында өтуі біз үшін үлкен құрмет. Бұл жоғары оқу орнында спортқа ерекше көңіл бөлінген. Волейбол ардагерлері біздің университетте жиі бас қосып тұрады. Олардың арасында Олжас Сүлейменовтың есімін ерекше атап өткім келеді. Олжас Омарұлы Алматыға келген кезде волейбол ойнау үшін ең алдымен біздің спорт залға келеді. Белгілі қоғам қайраткері, ақын О. Сүлейменов есімінің ҚазҰАУ-дағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтына берілуі де кездейсоқ емес. Оқу орнының студенттері VI Жазғы универсиада ойындары кезінде барлық командаға жанкүйер болып, ең күшті волейболшылардың жеңіске жетуіне тілекші болады1.

Соңғы жаңалықтар