Қазақ ұлттық өнер университетіне қаржылық қолдау қажет - М. Айсина

аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Майра Айсина Үкімет басшысының атына сауал жолдап, онда Қазақ ұлттық өнер университетін қаржылай қолдауға көмек беруін сұрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жолы Қазақ ұлттық музыка академиясы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта аталған болатын. Сонымен бірге, университетте хореография, операторлық өнер, кескіндеме, мүсін, графика, декоративтік-қолданбалы өнер сияқты жаңа мамандықтар ашылып отыр. Осыған байланысты оқушылар мен студенттер қабылдау да ұлғайды, бұл тиісінше сыныптардың жетіспеуіне әкеп соғып отыр», деді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда университет басшылығы қосымша құрылыстар салуға және өзге қалалардан келген мұғалімдер мен студенттерге жатахананы жалға алуға мәжбүр болып отыр. «Сондықтан да, қыркүйек айынан жаңа 2010-2011 оқу жылының басталатынын ескере отырып, Үкіметтен жоғарыда аталған шығындарды қаржыландыру үшін жалпы 355,0 млн. теңге бөлуге көмек көрсетуді өтінемін», дейді М. Айсина.

Соңғы жаңалықтар