Қазақ ұлтының болашағы, тілі мен тарихы мәселелері ұлттық келісім идеясы аясында шешілетін болады - Н.Назарбаев

sp;АСТАНА. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алдағы уақытта қазақ ұлтының болашағы, тілі  мен тарихы  мәселелері ұлттық келісім идеясы аясында шешілетін болады.

Қазақ ұлтының болашағы, тілі   мен тарихы  мәселелері ұлттық келісім идеясы аясында шешілетін болады - Н.Назарбаев

Бұл туралы бүгін Ақордадан тікелей желі арқылы халықпен тілдесіп жатқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық келісім - біздің басты артықшылығымыз. Осының арқасында біздің мемлекетіміз  дамып, халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Бұл біздің негізіміз десек болады. Мұнда ешбір саяси күштер жоқ. Осыны барлық қазақстандықтар тереңдей түсінулері тиіс. Алдағы уақытта да біз осы негізде мемлекет пен экономиканы дамытамыз. Оның ішінде қазақ ұлтының болашағы, тілі мен тарихы мәселелері осы ұлттық келісім идеясы аясында шешілетін болады», - деді ҚР Президенті.

Елбасы атап көрсеткендей, Қазақстан халқының басты ұлттық келісім идеясы ортақ тарих, ортақ құндылықтар мен ортақ болашақ тұғырларына негізделмек.