«Қазақ жауынгері»: Астана төрінде жақсы жекпе-жек көрсетемін

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайда «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал кәсіпқой боксшы Елшат Нығматоллаұлы (14-0-1, 5КО) қазақстандағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Салмақ өлшеу шарасы алдында өткен баспасөз мәслихатында, қандасымыз ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ата жұртта жекпе-жек өткізгелі отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Бүгін астанаға алғаш келіп отырмын, көңіл күйім өте керемет! Себебі, бұл менің қазақ еліндегі алғаш өткізгелі отырған жекпе-жегім. Ертең, шаршы алаңда сіздерге жақсы жекпе-жек көрсетемін»,- деді Елшат.null 

Сондай-ақ, боксшы алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Қытайдағы жекпе-жектерімде Қытай және Азия чемпионы атандым. Әзірге жоспарларым көп. Алда Қанат ағамыз бастаған Qazaq Promotions-пен бірге жұмыс жасап, биік белестерді бағындыратын боламын»,- деді қандасымыз.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы  «Дәулет» спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Елшат бұл кеште жеңіліп көрмеген әзербайжандық боксшы Фарид Алиевпен (5-0-0,5КО) жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар