Қазақ жері Мүсілім Магомаевтың шығармашылық жолындағы ең алғашқы соқпақтардың бірі - Т. Синявская
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақ жері Мүсілім Магомаевтың шығармашылық жолындағы ең алғашқы соқпақтардың бірі болды.
Қазақстан оны бірден көтермелеп әкетті, ал Мүсілім сол ыстық ықыласты өле-өлгенше жүрегінде сақтады.
Бұл туралы бүгін Астанадағы «Қазақстан» концерт залында КСРО әртісі, атақты әнші Мүсілім Магомаевты еске алу кешіне арналған баспасөзмәслихатында әншінің жұбайы, КСРО халық әртісі Тамара Синявская айтты. Оның айтуынша, Мүсілім Магомаев Қазақстанда өткен ғасырдың 60 жылдары гастрольдік сапармен болған.
«Мен қазақстандықтарға осындай шараны ұйымдастырып отырғаны үшін шексіз ризамын. Осында өтіп жатқан барлық шаралар Мүсілімге лайық болғандықтан, қатты толқып отырмын», - деді ол.
Баспасөз мәслихатына, сондай-ақ, РФ-ның халық әртісі Лев Лещенко да қатысты. Ол бүгінгі Мүсілім Магомаевтың 70 жылдығына арналған кеште ән айту үшін арнайы шақырылған.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатының алдында М. Магомаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған фотокөрме мен қазақстандық жас суретшілердің қолымен салынған суреттердің көрмесі өтті.