15:12, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақ журналистикасы туралы кітап жарық көрді
АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ –Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ журналистикасы» атты 3 томдықтың таныстырылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған 3 томдық ҚР Мәдениет және ақпарат, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында шығарылған. Кітап қазақ журналистикасының бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелеріне арналған. Авторлар құрамында Н.Омашев, Б.Жақып, А.Мархабаев, Ж.Ерман, С.Медеубек, Қ.Олжай сынды белгілі ғалымдар мен БАҚ өкілдері бар. 3 томдықтың бірінші кітабы «Қазақ баспасөзі» деп аталады. Онда қазақ баспасөзінің тарихы, жанрлары, жаһандану дәуіріндегі ақпараттық қауіпсіздік, демократиялық қоғам және баспасөз бостандығы мәселелері қарастырылған. «Қазақ теледидары», «Қазақ радиосы» деп аталатын 2 кітапта теледидар мен радио тарихы, бүгінгі жағдайы сөз болған.