Қазақ журналистикасының қара нарлары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік шаһарда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында журналистика саласының майталмандарына «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағы тапсырылды. 

Қазақ журналистикасының қара нарлары марапатталды

Жүлдені Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес тағайындады, деп жазады «Айқын» басылымы. 

«Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ұстанымдары негізінде ұлттық кодты нығайту мен ұлттық сананы өркендету мақсатында әрі Бұқа­ра­лық ақпарат құралдары қызмет­кер­ле­рінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдас­ты­ры­лып отыр. Журналистердің ресми мей­рамында білікті төртінші билік өкілдеріне қоғамдық негіздегі кәсіби жоғары марапат тапсыруды жөн көрдік»,- деп атап өтті Республикалық кеңестің төра­ғасы, «Президент және халық» га­зеті­­нің бас редакторы Марат Тоқашбаев.

 «Қазақ журналистикасының қайрат­кері» атағын төртінші билік ақсақалдары, аға буын өкілдері Сапабек Әсіпұлы, Шер­хан Мұртаза, Сарбас Ақтаев, Уахап Қыдырханұлы, Ғаббас Қабышұлы, Зәкір Асабаев, Мамадияр Жақып, Бекболат Әдетов, Файзолла Оразаев, Орысбай Әбілдаев, Нұрмамбет Қизатов, Бейбіт Қойшыбай, Нұрлан Оразалин, Ержұман Смайыл, Жарылқап Бейсенбайұлы, Жанат Елшібеков және Асқанбай Ерғожаев иелен­ді. Сонымен қатар айтулы марапат­тың медалін бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары да кеудесіне тақты. Атап айтсақ, Нағашыбек Қапал­бек­ұлы, Көпен Әмірбек, Жұмабай Шаш­тай­ұлы, Несіп Жүнісбаев, Рысбек Сәрсенбай, Мереке Құлкенов, Жанболат Аупбай, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қали Сәрсенбай, Сағатбек Медеубекұлы, Нұртөре Жүсіп және тағы басқа­ла­ры.  Сондай-ақ әріптесіміз «ҚазАқпарат» ХАА шығарушы редакторы Ерлан Қожакелдиев те осы марапатқа ие болды.