Қазақ жұртшылығы көрнекті ақын Дүйсенбек Қанатбаевты ақтық сапарға шығарып салды
АЛМАТЫ. 30 қараша. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақ жұртшылығы бүгін көрнекті ақын, қарымды қаламгер, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаевты ақтық сапарға шығарып салды.
Еліміздің теле-радиолары мен баспаларында қызмет атқарып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған абзал жан 27 қараша күні 70-ке келген шағында дүние салды.
Бүгін ақынның туыстары мен қызметтес болған адамдар мен жақын достары Д. Қанатбаевты Қазақстан Жазушылар одағынан соңғы сапарға шығарып салды.
Ақын Алматы маңындағы Кеңсайға жерленді.