«ҚазақАвтоЖол» Қостанай облыстық филиалының басшысы ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «ҚазақАвтоЖол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан мәлім еткендей, 6 қарашада «ҚазақАвтоЖол» РМК Қостанай облыстық филиалының (ҚОФ) басшысы Нұрлан Молдатаев ұсталды. Ол ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемдегі ұрлық») бойынша айыпталуда.

«Н.Ж.Молдатаев басқаратын «ҚазақАвтоЖол» РМК ҚОФ 2016 жылғы қараша айында қостанайлық ЖШС-мен жалпы сомасы 174 миллион теңгеге келісім жасасқан. Олар бұр қаржыға республикалық мәні бар автожолдарға қатысты жұмыстарды орындауға тиіс болған. Молдатаев ақшаны жымқыру мақсатында облыстық ЖШС директорымен өзара келісімге келген. Онда 220 мың литр дизель отыны жұмсалғаны тек қағаз жүзінде көрсетілген", - деп хабарлады ведомстводан.

«Осылайша, Молдатаевтың қылмыстық әрекеттерінен 2016 жылдың соңында «ҚазақАвтоЖол» РМК ҚОФ тарапынан аталмыш ЖШС алдында жалған берешек жасақталады. Кейін, 2017 жылдың қаңтарында Молдатаев қарызды қайтару сылтауымен «ҚазақАвтоЖол» РМК Қостанай облыстық филиалына  жалпы сомасы 41 миллион теңгеге 11 мың дизель отынының талонын алады. Бұл 220 мың литр сұйық отынға тең. Алайда, оны иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсаған», - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Нұрлан Молдатаев Рудный қаласының уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Еске салайық, осы жылдың қыркүйек айында «ҚазақАвтоЖол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалы басшысының орынбасары Ержан Отаров жол жөндеу фирмасының директорынан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар