«Қазақфильм» киностудиясының кастингінде барлық тілек білдірушілер бағын сынай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясы фантастикалық фильмнің түсірілімінде жалпы көпшілік көріністерге (массовка) қатысу үшін кастинг жариялайды.

«Қазақфильм» киностудиясының кастингінде барлық тілек білдірушілер бағын сынай алады

«Феникс» атты жаңа көркем фильмдегі жалпы көріністерге түсуге іріктеуге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Олардың жас ерекшеліктеріне қатысты еш шектеу жоқ.

Кастингке қатысуды қалағандар Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы, 176 үйде орналасқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына 11-31 тамыз аралығында жеке куәлігін алып келе алады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметінен.