«Қазақфильм» жаңа фильм түсіруді бастайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш фильмнің қоюшы-режиссеры, әрі сценарийдің авторы Тоқтар Қарсақбаев.
"90 минуттық мелодрама жанрындағы фильмнің түсірілімі ертең басталады. Түсірілімдер негізінен Алматы мен Астана қалаларында өтеді. Фильм Марат есімді жас жігіт пен Әнел есімді қыздың арасындағы махаббат туралы. Режиссер Тоқтар Қарсақбаевтың айтуынша, басты рөлдерді көрерменге бұрын таныс емес жас әртістер ойнайды.
Бұл фильмге сонымен қатар, қазақстандық көрерменге "Санта-Барбара" телесериалында Мейсон Кепвел рөлімен таныс болған американдық актер Лейн Дэвис түседі.
"Мен Қазақстанда осыдан 2 жыл бұрын болып едім. Аз уақыттың ішінде Қазақстанның кино индустрия саласының қарқынды дамығаны таң қалдырды", деп атап өтті Лейн Дэвис.
Оның айтуынша, Америкада театр саласы онша дамымаған. "Кино саласы кірісті көп әкелетіндіктен, қарқынды дамуда. Осы 60 жасыма дейін 37 фильмге түстім", деді американдық актер.
Фильмнің продюссері Майра Қарсақбаеваның айтуынша, түсірілім 2011 жылы маусым айының соңында аяқталып, көрерменге қыркүйек айында ұсынылмақ.