Қазақфильмде» түсірілген ескі фильмдердің сандық форматтағы кино қоры жасалып жатыр
ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Қазақфильмде» түсірілген ескі фильмдердің сандық форматтағы кино қоры жасалып жатыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.
«Қазақфильмде» өндірілген барлық фильмдердің сандық форматтағы жинағы жасалып жатыр. Кино қордағы «Қыз Жібек» фильмі осындай сандық форматқа көшірілді. Сондай-ақ «Біздің сүйікті дәрігер» фильмі қазіргі кезде өндірісте», - деді ведомство басшысы.
Мұнымен қоса, алдағы уақытта «Менің атым Қожа» фильмін де мұндай форматқа көшіру биылғы жылдың жоспарында тұр.